Еліміз мемлекеттер арасындағы барлық келіспеушілік саяси және дипломатиялық жолдармен шешілуі тиіс екеніне нық сенімді.
Беларусь елшісі Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне шақырылды
Фото: ҚР СІМ
1,021
оқылды

Беларусь елшісі Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне шақырылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Беларусь Республикасының елшісі Павел Утюпинмен кездесуі барысында Қазақстан-Беларусь екіжақты деңгейдегі, сондай-ақ көпжақты ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Атап айтқанда, министр Қазақстан БҰҰ Жарғысына және халықаралық құқықтың негізін қалаушы нормаларына сәйкес теңгерімді және бейбітшіл сыртқы саясат жүргізіп жатқанын ерекше атап өтті. 

Еліміз мемлекеттер арасындағы барлық келіспеушілік саяси және дипломатиялық жолдармен шешілуі тиіс екеніне нық сенімді. Қазіргі геосаяси жағдайда Мемлекет басшысы жүргізіп жатқан еліміздің сыртқы саяси бағыты өзінің тиімділігін көрсетті. Осыған байланысты министр Беларусь тарапын қазіргі процестерге қатысты Астананың ұстанымын объективті бағалауға шақырды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.