8 жолдама – жартылай финал
8 жолдама – жартылай финал
249
оқылды
Бокстан Олимпиада ойындарына іріктеу турнирі бес құр­лықта өтеді. Кездесуде барлығы 286 жолдама са­рап­қа салынады. Байрақты бәсекенің жалауы Дакар, Ам­ман, Лондон, Буэнос-Айрес пен Парижде желбірейді. Осы орайда 10 наурыз күні Иорданияда аталған турнир­дің жартылай финалы басталды. Аммандағы іріктеу турнирінде Олимпиада ойындарына барлығы 63 жолдама беріледі. Бокстан Қа­зақ­стан құрамасы 13 салмақ дәре­жесінде 13 спортшыны бәйге­ге қос­ты. Нәтижесінде, қазір сегіз жол­­дама бар. Закир Сафиул­лин, Абылайхан Жүсіпов, Әбілхан Аман­құл, Бекзат Нұрдәулетов, Серік Теміржанов, Василий Ле­вит, Қамшыбек Қонқабаев және Надежда Рябец Токио Олим­­пиа­да­сының лицензиясын ием­денді. Ғалым Кенжебаевтың шә­кірт­тері тың дайындықпен кел­ге­ні байқалып тұрды, білем. Өйт­ке­ні ә дегеннен Нұрдәулетов қарсы­ла­сын соққымен төпелеп, Әбілхан Аманқұл нокдаунға жіберді. Закир Сафиуллин «не бел, не белбеу» кете­ді деп жүргендей. Теміржанов пен Қонқабаевтың ішкі тілегін біз жақсы білеміз. Ал Левит «аяқтан шалу бар болса да, аянбаспын» дегендей алаңдағы қимылымен алдағы олимпиада таңынан үміті барын дәлелдеді.
Іріктеу ережесіне сай үздік төрт­тікке енгенге олимпиада ли­­цензиясы беріледі. Ерлер құра­­ма­сынан сегіз боксшының жете­уін­де жол­дама бар. Енді­гі мақсат – ме­даль. Жартылай финалда Серік Теміржанов (57 келіге дейін) өзбек боксшысы Миразизбек Мир­за­ха­лиловпен қолғап түйіс­­ті­реді. Закир Сафиуллин (63 келі) иор­даниялық Обада Мохам­мад Мус­тафа Алкасбехпен кезде­се­ді. Ал Абылайхан Жүсіпов (69 келіге дейін) үнді үміті Викаш Кир­шан­мен шаршы алаң­ға шығады. Әбілхан Аман­құл (75 келіге дейін) қытайлық қандасымыз Таңатқан Тоқтарбектің Эрбиекенің әуле­се­­сін байқап көрсе, Бекзат Нұр­дәу­­летов (81 келіге дейін) алаң иесі Одаи Алхиндавимен жұды­рық­тасады.  Василий Левит (91 ке­­ліге дейін) иорданиялық Хус­сейн Ишаишпен, Қамшыбек Қоң­қабаев (+91 келіден жоғары) авс­тра­лиялық Джастис Ханимен фи­нал­дың тағдырын шешеді.
Әр доданың өзіндік бәсекесі бары белгілі. Ежелгі қарсылас Өз­бек­станның алты былғары қол­­ғап шебері жартылай фи­нал­ға жол­дама алды. Олар: Шахо­бид­­дин Зоиров (52), Ельнур Абду­раи­мов (63), Бобо-Усмон Бату­ров (69), Санжар Турсунов (91), Ми­­разизбек Мирзахалилов (57), Бахо­дир Жалолов (+91). Егер Жало­лов пен Қоңқабаевтың жолы финалда түйісер болса, ел сүйсі­нер кездесу болмақ. Өйткені күз­де өткен Әлем чемпионатында өз­бек бокс­шысы Қонқабаевты сан соқты­рып кеткен еді. Ал бокстан әйелдер құрамасы­ның турнирдегі жағдайы мәз емес. 4 наурыз күні 57 келіде бақ сы­­на­ған Дәметкен Келімбет қы­тай­­лық қарсыласынан ойсырай (0:5) ұтылды. 60 келідегі Әлем чем­пио­натының жүлдегері Римма Волосенко да жеңіліп қалды. Ол үн­дістандық Симранжит Каур­ге есе жіберді. Нәтижесінде, қос бокс­­шымыз Олимпиада лицен­зия­­сынан қағылды 6 наурыз күні 69 келі салмақта Валентина Халь­зова корей боксшысы Сюён Чоиге есе жіберді. Ал 75 келі сал­­­мақтағы Надежда Ря­бец өз­бек­с­тандық Навбахор Хами­до­ваны жеңіп, ¼ финалға өтті. Ар­тынша вьетнамдық Ти Хуон Нгуенді ойсырата ұтып, Олим­­пиа­да жолдамасына қол соз­ды. Боксшы ару жартылай финал­да авс­тралиялық Кейтлин Паркер­мен қолғап түйістіреді.   Айбике ЖАНАСЫЛ