Бұл туралы ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз орталығы мәлімдеді.
Шығу тегі белгісіз 80 мың ампула дәрі-дәрмек табылды – ҰҚК Шекара қызметі
1,061
оқылды

2024 жылғы 16 тамызда ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысының «Алтынкөл» теміржол өткізу пунктінде дәрі-дәрмектердің ірі партиясын алып өту әрекетінің жолын кесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, шығу тегі белгісіз 80 000 ампула мөлшеріндегі ілеспе құжаттары жоқ дәрілік заттар теміржол контейнерінен табылған.

Жүк процессуалдық шешім қабылдау үшін облыстық Экономикалық тергеу департаментіне берілді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.