Аймақта төтенше жағдай жарияланды.
Қытайда бүтін бір қаланы су шайып кетті
1,669
оқылды

Қытайдың Ляонин провинциясындағы қаланы су шайып кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz 24kz-ке сілтеме жасап.

Толассыз нөсер жауып, өзендер арнасынан тасып жатыр.

Хулудао шаһарында 7 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді. Қызыл судың құрсауында қалған 100-ден астам тұрғын құтқарылды.

Елдің солтүстік-шығысындағы 28 елді мекенде жарық пен байланыс үзілген. Зардап шеккендер тікұшақпен шығарылып жатыр. Аймақта төтенше жағдай жарияланды.