Гүлмира Сатыбалды Қылмыстық кодекстің «бас бостандығынан заңсыз айыру», «бопсалау» және «өзінше билік ету» баптары бойынша айыпталып жатыр.
Прокурор Гүлмира Сатыбалдыны 13 жылға соттауды сұрады
Фото: видеодан алынды
2,287
оқылды

Прокурор бизнесті рейдерлік жолмен тартып алды деп айыпталып жатқан Гүлмира Сатыбалдыны 13 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, - деп хабарлады Aikyn.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

 

Гүлмира Сатыбалды Қылмыстық кодекстің «бас бостандығынан заңсыз айыру», «бопсалау» және «өзінше билік ету» баптары бойынша айыпталып жатыр.

Мемлекеттік айыптаушы сотталушы Гүлмира Сатыбалдыны 13 жылға, ал оның жүргізушісі Мәди Батыршаевты 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Батыршаевқа бас бостандығынан заңсыз айырды деген айып тағылды. 

Айта кетейік, Гүлмира Сатыбалды – сегіз жылға сотталып, жуырда жазасы жеңілдеген Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.