Ербаян, өмір сүр!: Халық әскерде жүріп, комаға түскен сарбазға 140 млн теңге жинап берді

Ербаян Мұхтар әскерге өз еркімен барған. Әскерде басынан жарақат алған.

Әскерде жүріп, бас-ми жарақатын алған сарбаз Ербаян Мұхтар 6 айдан бері комада жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Халық Ербаян Мұхтардың еміне 140 млн жинап берді. Сарбаздың ата-анасы тәулік бойы кезекшілік ету үшін жеке дәрігерлерді жалдауға мәжбүр болып отыр. Қиын жағдайға тап болған отбасы қаражат жинау үшін арнайы шот ашқан болатын.

Әлеуметтік желіде сарбазға қатысты жантүршігерлік видео тарады. 

Ербаян Мұхтар әскерге өз еркімен барған. Әскерде басынан жарақат алған. Қазір ол өз еркімен тамақтана алмайды және сөйлей алмайды. 

Желі қолданушылары сарбаздың денсаулығына алаңдаулы. Олар сауығып кетуін тілеп, көмек қолын созып жатыр. 

ҚР ІІМ Ұлттық ұланның баспасөз қызметі сарбаздың денсаулығына қатысты ресми мәлімдеме жасағанын жазған едік.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Мұхтар Ербаян Хамитұлы (@erbayan2024)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.