47 жастағы ер адам мас күйінде Мәскеудің Пресненский ауданындағы әскери комиссариатқа жақындап келіп, оны телефонына түсіре бастаған.
Мәскеуде әскери комиссариатты телефонына түсірген қазақстандық ұсталды
Фото: Shot
1,335
оқылды

Мәскеуде әскери комиссариатты телефонына түсірген қазақстандық ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Shot-қа сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, 47 жастағы ер адам мас күйінде Мәскеудің Пресненский ауданындағы әскери комиссариатқа жақындап келіп, оны телефонына түсіре бастаған. Оны бірден ұстап, полицияға жеткізген. 

«Күдікті Қазақстан азаматы Алексей Т. Мәскеуге турист ретінде келіп, қонақүйде тоқтағанын айтқан. Қонақүй әскери комиссариаттан 17 минут жерде орналасқан. Күдіктіден жауап алынып жатыр, ол қастандық жасау жоспарына көмектесуі мүмкін деген болжам бар», – деп жазады басылым.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.