Қарағанды облысының батысында найзағай ойнайды.
Найзағай, тұман: 24 тамызға арналған ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
732
оқылды

Синоптиктер 24 тамызда еліміздің 17 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Синоптиктердің болжамы бойынша, Ақмола облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр жауады, бұршақ, дауыл болады. Облыстың басым бөлігінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с. 

Ұлытау облысының шығысында, орталығында найзағай, бұршақ, дауыл болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының батысында найзағай ойнайды. Облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл болады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. 

Астанада кей уақыттарда найзағай ойнайды. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысы бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Қызылорда облысының шығысында найзағай ойнайды. Жел солтүстіктен соғады, таңертең және күндіз облыстың шығысында күші 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, дауыл, күндіз бұршақ жауады. Облыстың басым бөлігінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с. 

Абай облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында бұршақ, дауыл болады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың орталығында 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, облыстың батысында, оңтүстік-батысында, орталығында екпіні 23-28 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Батыс Қазақстан облысының батысында, орталығында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Маңғыстау облысының батысында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Түркістан облысының тауларында найзағай ойнап, солүстігінде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с.

Шымкентте солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15- 20 м/с. 

Павлодар облысының солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі бар.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматыда күндіз найзағай ойнайды. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.