Жыл басынан бері елімізде балаларға қатысты 3,5 мыңнан аса жол апаты болған, салдарынан 165 кәмелетке толмаған бала қаза тауып, 4 мыңнан астамы жарақат алған.
Жол апаты жиілеген: ІІМ ата-аналарға маңызды ескерту жасады
818
оқылды

ІІМ жол апаттарының алдын алу туралы ролик жариялады,  деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Жолдағы қауіпсіздік көбіне көлік жүргізу тәртібіне байланысты. Жол апаттарының себептері мынадай болуы мүмкін:

– көлік тізгінін кәмелетке толмағандарға немесе көлік басқаруға құқығы жоқ басқа адамдарға беру. Бұл жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзуға жатады;

– жылдамдықты арттыру. Белгіленген жылдамдықты сақтамау жол апаты болу ықтималдығын арттырады;

– мас күйде көлік жүргізу. Алкогольді немесе есірткіні қолдану жүргізушінің реакциясын төмендетеді; 

– жол жүру қағидаларын бұзу. Бағдаршамдарды, жол белгілерін елемеу, басып озу ережелерін сақтамау қайғылы жағдайға әкеп соғады;

– жүргізушінің назарын аулау. Ұялы телефонды пайдалану және басқа да алаңдататын жағдайлар жүргізушіге кедергі келтіріп, оқыс оқиғаға себеп болуы мүмкін.

Полиция азаматтарды жолда мұқият және жауапты болуға шақырады. Жүргізушілер жол ережелерін қатаң сақтауы керек.