Тұрғылықты мекенжайы жоқ ер адам ауруханаға жедел жәрдем арқылы жеткізілген.
Дағыстандық дәрігерлер ер адамның көзінен 35 құрт алды
Юсуповская больница
826
оқылды

Дағыстанның Махачкала қаласында республикалық офтальмология ауруханасының дәрігерлері 55 жастағы ер адамның көзінен 35 құртты алып тастады, деп жазады Aikyn.kz.

Тұрғылықты мекенжайы жоқ ер адам ауруханаға жедел жәрдем арқылы жеткізілген. Сол кезде дәрігерлер оның көзінен құрт түсіп жатқанын байқапты. 

"Шыбынның дернәсілдері 4 және 12 миллиметр шамасында, көздің мөлдір қабығы мен жоғары бөлігін "жеп тастаған". Жергілікті анестезия арқылы көзінен құрттарды алып тастап, инфекциядан тазарттық. Қуанышқа орай дер кезінде көрсетілген көмектің арқасында науқастың көру қабілетін сақтап қалдық", – деді көз жарақаты бөлімінің меңгерушісі Наида Гойтиева. 

Қазір ер адамның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.