Жастардың шаңырақ көтерген күнінде Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов арнайы қонақ болып барып, ақ тілегін арнаған.
Боксшы Бекзат Нұрдәулетов үйленді
Фото: видеодан кадр
3,478
оқылды

Бокстан 2019 жылғы әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов отау құрды. Ұлттық құрамада 80 келіде өнер көрсеткен боксшының тойы Ақтаудағы мейрамханалардың бірінде өткен, – деп хабарлайды Aikyn.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Жастардың шаңырақ көтерген күнінде Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов арнайы қонақ болып барып, ақ тілегін арнаған. Бұл туралы спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

Боксшы Нұрдәулетовтің жары туралы әзіргі ақпарат белгісіз. Оның әлеуметтік парақшасында фотосуреттер жарияланбаған.

Айта кетейік, Бекзат Нұрдәулетов Токио Олимпиадасына қатысушы. Ол Жапония жерінде өткен ойындарда жарысты бірінші айналымнан аяқтаған болатын. Кейін кәсіпқой боксқа бет бұрып, 4 жекпе-жек өткізді. 2023 жылы Қазақстан спартакиадасында финалға дейін жеткенімен, шешуші сында Нұрбек Оралбайға жол берді.

Боксшыны белгілі бапкер Марат Жақиев жаттықтырған болатын. Алайда, Париж Олимпиадасындағы төмен көрсеткіштен кейін Жақиев Мырзағали Айтжанов бастаған бапкерлер құрамымен бірге отставкаға кетті.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от 1bol.kz (@b1rinshibol)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.