Алғашқы бутик-қонақүй
Алғашқы бутик-қонақүй
357
оқылды
Түркістан облысы әкімдігінің хабарлауынша, Түркістанда ұлттық нақыш­тағы бутик-қонақүй ашылады. Құрылыс жұмыстарын «Түркістан» ӘКК» АҚ мен BI Group инвестициялық-құрылыс холдингінің еншілес компаниясы жүргізеді. «Түркістан» ӘКК» АҚ баспасөз қыз­ме­­тінің мәліметінше, олар облыс орта­­лығының сервистік және қонақүй қыз­­метінің нарығын зерттеген. Нәти­же­сінде, ең перспективалы, болашақта маңызы бар жоба ретінде қаланың тарихи-мәдени орталығына орналасатын  қонақүй салынатын болды. Жаңа форматтағы қонақүй аума­ғы – 2 400 шаршы метр. 66 бөл­ме­лі қонақ­үй қайта жаңартылған ғимаратта орна­ла­сады. Жобаны іске асыру барысында қонақүй бизнесіндегі халықаралық стан­дарт­тарды басшылыққа алу көзделген. Нысан құрылысын жүргізу мақ­­сатын­да іздестірілген әлеуетті серік­тес-инвес­тор­дың тиісті тәжірибесі мен бі­­ліктілігі, порт­фо­лиосы маңызды бо­лып­ты. «Жалпы, бутик-қонақүй мен қара­пайым қонақүй арасындағы айыр­ма­шылық – ең алдымен, батыл дизайнерлік шешімде. Интерьер жергілікті нақышта, тарихи, ұлттық, сондай-ақ туристерге өте тартымды қазақ халқының дәстүрлі эле­менттерімен өрнектелетін болады. Сон­дықтан серіктес ретінде елде имидж­­дік және жаңашыл жобалар құры­лы­сын­да бай тәжірибесі бар BI Group ком­­­паниясын таңдау дұрыс шешім бол­ды. Жыл сайын саны артып келе жат­қан қажылық мақсатта келушілер мен туристер легін ескерсек, этникалық стиль­де безендірілетін бутик-қонақ үйі сұра­нысқа ие болады және жаңа Түркі­стан­ның сәніне айналады», – дейді «Түр­кістан» ӘКК» АҚ инфрақұрылым мен туризмді дамыту департаментінің директоры Баян Каюпова. Сонымен қатар олар қазіргі таңда халықаралық франшизаға ие кофеха­налар, түрлі форматтағы мейрамхана кешендерін салу мақсатында серіктес-инвесторлардан ұсыныс қабылдап жатыр екен.   А.ЖОЛДАС