Ол Валеридің соңғы тілегін орындауға жұрттан көмек сұрады.
«Туған анаңды тап, жалғыз қалма»: Жәнібек өзін асырап алған әйелдің соңғы тілегін айтты
Фото: видеодан кадр
6,329
оқылды

Туған анасын іздеп жүрген қазақ баласы Жәнібек әлеуметтік желідегі парақшасында асырап алған бельгиялық анасының соңғы тілегін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Жәнібекті асырап алған Валери көз жұмар алдында оған «Туған анаңды тап, мына әлемде жалғыз қалма» деген.

"Ең алдымен, өмірде жақынынан айырылып қалған адамдардың бәріне көңіл айтқым келеді. Валери 10 шілдеде қайтыс болды. Иә, мені асырап алған анам таңғы сағат 10:30-да бұл дүниемен қоштасты. Биыл қаңтарда Таиландта жүрген кезімде Валери ұзақ жылдар бойы азап шеккеннен кейін былтыр эвтаназияға жүгінгенін айтып еді. Валери мықты адам ретінде есте қалды, өйткені ол басына түскен қиындықпен жалғыз күресуге мәжбүр болды. "Туған анаңды тап және мына үлкен әлемде жалғыз қалма" деп маған соңғы тілегін айтып кетті. Сауалы көп, жауабы жоқ оқиғада оның тілегін орындай алар ма екенбіз? Рақмет, мама! ... Мен сіздерді жақсы көремін, жақсы адамдар. Валеридің соңғы тілегін орындауға тырысайықшы. Кездескенше!", – деді Жәнібек. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Murat Saveliev (@muratsaveliev)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.