Путин мемлекеттік сапармен Астанаға келеді

Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен перспективаларын талқылады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлады Ақорда.

Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен перспективаларын талқылады.

«Президенттер сауда-экономика және энергетика салаларында бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды толықтай жүзеге асыру қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ Владимир Путиннің Астанаға жоспарланған мемлекеттік сапарына дайындықтың сапалы болуын қамтамасыз етуге келісті», - делінген хабарламада.

Мемлекеттер басшылары халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласында өтетін БРИКС саммитіне қатысуға шақырғаны үшін Ресей президентіне ризашылығын білдірді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.