Астанада мерейтойлық XV Қысқы қайырымдылық балының дебютанттар кастингіне 300-дей адам қатысты.
Елордада мерейтойлық Қысқы қайырымдылық балына дебютанттарды іріктеу өтті
727
оқылды

Астанада мерейтойлық XV Қысқы қайырымдылық балының дебютанттар кастингіне 300-дей адам қатысты.

«Болашақ» корпоративтік қоры ерекше қажеттіліктері бар балалардың сапалы білім алуы және дарынды жастарды қолдау мәселелеріне жұртшылықтың назарын аудару мақсатында 2012 жылдан бері Қысқы қайырымдылық балын өткізеді. Бұл – дәстүрлі түрде бизнестің, дипломатиялық корпустың, қоғамдық және саяси топтардың өкілдерін жинайтын өз тарихы бар Қазақстандағы жалғыз бал. 12 жыл бойы балдың қонақтары классикалық вальстен жалынды латиноға шейін дебютанттар биі, салтанатты кешкі ас, бағалы лоттар аукционы, сондай-ақ іс-шараның серіктестерінен жүлделер ұтыс ойыны бар ғажайып атмосфераға бөленеді.

Мерейтойлық Қысқы қайырымдылық бал іс-шараларының басталуы, атап айтқанда дебютанттар кастингі «Hilton Astana» қонақүйінде өтті. Мерейтойлық XV Қысқы қайырымдылық балының дебютанты атанудың құрметі үшін 300-ге жуық адам тартысты. Дебютанттар – Қысқы қайырымдылық балының бетке ұстары, жауһары. Барлық жылдар ішінде дебютанттар кастингіне 6 300-ден астам адам қатысты. Балға 178 жұп дебютант қатысты.  

Осы жылы кастингке 400-ден астам тіркелді. Іріктеудің екі кезеңінен: хореографиялық байқаудан және ұйымдастырушылармен әңгімелесуден сәтті өткен 40 үміткер дебютант атанды. Үш ай бойы олар балда орындайтын әртүрлі кәсіби бал билерін үйренеді. Дебютанттарды биге Қысқы қайырымдылық балдарын қоюшы-хореограф, Қазақ ұлттық хореография академиясының хореография факультеті деканының орынбасары, Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар ұйымы президиумының мүшесі, ҚР спорттық би федерациялар ассоциациясының төрешісі Евгений Моисеев жаттықтырады.

– Қысқы қайырымдылық бал – бұл жай ғана мәдени шара емес, бұл біздің қайырымдылық жобаларымызды жүзеге асыруға көптеген қамқор адамдардың, меценаттардың және компаниялардың қосар үлесі. Балдарды өткізіп келе жатқан 12 жыл ішінде 164-тен астам демеуші мен серіктес тартылып, 900 миллион теңгеден астам қаржы жиналды. – деді «Болашақ» корпоративтік қорының директоры Азамат Божақ. – Біздің қор аутизм бар және басқа да даму ерекшеліктері бар балалардың мектепте оқуы, балабақшаға баруы, спортпен айналысуы, сондай-ақ кәсіптерді меңгеруі үшін белсенді жұмыс жасауда. Жыл сайын өткізілетін балдың арқасында біз Қазақстанда және шетелде өтетін шығармашылық байқауларға, зияткерлік және спорттық жарыстарға қатысуға жеткілікті қаражаты жоқ дарынды жастарды қолдаймыз.

Жиналған қаражат «Болашақ» қорының ерекше қажеттіліктері бар балалар мен дарынды жастарға арналған «Әр бала мектепке баруға лайықты» және «Жол жүру гранттары» қайырымдылық бағдарламаларына бағытталды.

Кастинг «Hilton Astana» қонақүйі мен «AMANAT» партиясының қолдауымен өтті.

Мерейтойлық XV Қысқы қайырымдылық балы 2024 жылғы 13 желтоқсанда «Hilton Astana» қонақүйінде өтеді.

XIV Қысқы қайырымдылық балының есептік бейнебаяны: https://www.youtube.com/watch?v=KI6vtQ8ksxk.

Балдар өткізілген 12 жыл ішінде қор 164-тен астам демеуші мен серіктес тартып, 931 миллион теңгеден астам қаражат жинады.

Түскен қаражатқа:

- 85 мамандандырылған оңалту мекемесі ашылды және жарақтандырылды, оның ішінде бүкіл Қазақстан бойынша 61 инклюзияны қолдау кабинеті. Аутизм және дамуында басқа ерекшеліктер бар 800-ден астам бала мектепке баруға мүмкіндік алды;

- 3 500-ден астам маман оқытылды;

- 500-ден астам жұмыс орны құрылды;

- аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға 135-тен астам білім беру және жол жүру гранттары берілді.

Қайырымдылық қаражатын пайдаланудың ашықтығын сақтау мақсатында қордың www.bolashakcharity.kz сайтында жыл сайын қаржылық есептер жарияланады.

«Болашақ» қоры инклюзивті білім беруді дамытуға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне 80-нен астам сапалы ұсыныстар мен түзетулер енгізді.