«AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы бойынша қаржылық сауаттылық курсы Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің қыз­меткерлері үшін ұйымдастырылды.
«Қарызсыз қоғамды» оқыту университетте өтті
717
оқылды

Бір апта ішінде жоба сарапшысы Дмитрий Шледевиц университет қыз­­меткерлеріне бюджетті оңтайлы жұмсау және несиелер мен артық шығындарды болдырмаудың түрлі мүмкіндіктердің барысы туралы айтты.

Сонымен қатар сарапшы тыңдау­шылармен жеке жұмыс істей отырып, оларға ішкі жағдайларды түсіне отырып кеңес берді. Соңдай-ақ семинарлар ба­рысында білім алушылар қаржылық проб­­лемалардың қалай қалыптасатыны және алаяқтық әрекеттерді қалай тануға бо­латындығы туралы егжей-тегжейлі бі­ліп, алдын алудың жолдарын үйренді. 

Қазір қаржылық сауаттылық курс­тары ауруханаларда, білім беру меке­мелерінде, мемлекеттік органдарда және Петро­павлдағы ірі кәсіпорындарда өту­де. Биыл «Қарызсыз қоғам» жобасы бо­йын­ша қа­лада 3,5 мыңға жуық адам оқы­­ды. Жыл соңына дейін тағы 2 мың солтүс­тік­қазақстандық қаржылық сауат­тылық дағ­дыларын меңгереді деген жос­пар бар.