Валери 10 шілдеде қайтыс болған.
Жәнібектің анасы көз жұмды: Бельгиялықтар асырап алған қазақ баласы көпшіліктен көмек сұрады
874
оқылды

Жақында ғана өмірден озған, асырап алған анасы Валеридің өсиетін Жәнібек желідегі парақшасында баяндап берді, – деп жазады Aikyn.kz.

– Ең алдымен, өмірде жақынынан айырылып қалған адамдардың бәріне көңіл айтқым келеді. Валери 10 шілдеде қайтыс болды. Иә, мені асырап алған анам таңғы 10:30-да бұл дүниемен қоштасты. Биыл қаңтарда Таиландта жүрген кезімде Валери ұзақ жылдар бойы азап шеккеннен кейін, былтыр эвтаназияға жүгінгенін айтып еді. Валери мықты адам ретінде есте қалады. Өйткені, ол басына түскен қиындықпен жалғыз күресуге мәжбүр болды. «Туған анаңды тап және мына үлкен әлемде жалғыз қалма» деп маған соңғы тілегін айтып кетті. Сауалы көп, жауабы жоқ оқиғада оның тілегін орындай алар ма екенбіз? Рахмет, мама! – деді Жәнібек.

Сонымен қатар, ол өзін асырап алған анасының соңғы тілегін орындауға көпшіліктен көмек сұрады.

«Достар, қайырлы күн! 10.07.2024 – көпшілік білетіндей, бұл менің ең жақын адамым қайтыс болған күн. Иә, әлемдегі жалғыз жақын адам. Валери менің туған анам болмаса да, ол мені өз ұлындай жақсы көрді және мен үшін қолынан келгенін жасауға тырысты. Мені қолдап, хат жазып, көңіл айтқан жандарға рахмет. Мен сіздерді жақсы көремін, жақсы адамдар. Валеридің соңғы тілегін орындауға тырысайықшы. Кездескенше!» – деп жазды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.