Қазір шаруаларға көмекке қаржы бөлініп, жеке тұрғындарға шөпті шалғайдан тасымалдауға көмек көрсетіліп жатыр. 
БҚО-ның екі ауданында төтенше жағдай жарияланды
Фото: zhaikpress.kz
1,267
оқылды

Батыс Қазақстан облысының екі ауданында жергілікті сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz 24kz-ке сілтеме жасап. 

Жәнібек және Бөкей Ордасы аудандарын қуаңшылық қыспаққа алған, одан бөлек киік қаптап кеткен. Сол себепті мал азығын дайындау қиын. Қазір шаруаларға көмекке қаржы бөлініп, жеке тұрғындарға шөпті шалғайдан тасымалдауға көмек көрсетіліп жатыр. Сонымен қатар «Қазагроқаржы» және «Аграрлық несие корпорациясы» шаруалардың қарызын кейінге шегеру туралы шешім қабылдаған.

Жәнібек ауданында 118, Бөкей Ордасында 175 қожалық лизингке техника алса, қос ауданда 472 ауылшаруашылық құрылымының борыштары бар екен. Әкімдіктер тиісті тізімді қаржы институттарына жолдаған. 

– Арыз-талап түскен жағдайда жеке арыз қаралады. Яғни, реструктуризация қаралып, жеңілдік жағын қарап беруге әзірміз. Реструктуризация дегеніміз – биылғы төлемдері болған жағдайда, 2024 жылдың төлемдері әрі қарай шегіндіреді. Графигін, төлем кестесін өзгеретеміз. Сонда қиыншылық болмайды, – дейді "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ БҚОФ директоры Марат Сарсеев. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.