Үшінші жасөспірімді іздестіру жұмыстары жалғасуда. 
Атырауда суға кеткен үш баланың екеуінің мәйіті табылды
700
оқылды

Атырауда суға кеткен үш баланың екеуінің мәйіті судан шығарылды. Қайғылы оқиға 26 тамызда болған еді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Атырау облысы ТЖД кезекшілігіне кеше сағат 17:25-те Атырау қаласы Береке ауылында үш бала Жайық өзеніне батып кеткені туралы ақпарат түскен.

Құтқарушылар оқиға орнына жеткен кезде, 2008 жылы туған ұл балалардың белгісіз жағдайда суға батып кеткенін анықтаған.

"Атырау облысы ТЖД сүңгуірлері сағат 18:25-те екі жасөспірімнің мүрдесін судан шығарды. 

Үшінші жасөспірімді іздестіру жұмыстары жалғасуда.  Іздестіру жұмыстарына Атырау облысы ТЖД 18 құтқарушы, 4 бірлік техника, 5 қайық жұмылдырылды", – делінген хабарламада. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.

Баян Жанұзақова, Атырау облысы