Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Таразда әйел адам отбасындағы жанжал себебінен көпірден секіріп кеткен (видео)
1,283
оқылды

Жамбылдық полицейлер көпірден секірген әйелді құтқарып қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Тараз қалалық ПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғынның көпірден секіру арқылы өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына дереу жеткен полиция қызметкерлері өмірден түңілген жанды сабырға шақыруға тырысқан. Секірген сәтте полиция қызметкері оны киімінен ұстап қалмақ болады. Алайда, полицейдің қолынан суырылып шығып, суға құлап кеткен.

Осы сәтте полиция лейтенанты Әлиайдар Рысмұхамбетов ағысы қатты өзенге ізінше секіріп түседі. Сақшыға төтенше жағдайлар қызметкері мен жақын маңдағы жергілікті тұрғын көмекке келіп үлгерді. Әйел аман-есен құтқарылып, жағаға шығарылды.

Құлаған кезде кеудешесі жыртылып қалғандықтан, полиция қызметкері өз киімін кигізген. Жапа шегушінің сөзінше, мұндай жағдайға отбасындағы жанжал себеп болған.

Жедел жәрдем бригадасы әйелге қажетті медициналық көмек көрсетті. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.