Жергілікті атқарушы орган өз жұмысын дұрыс атқармаған.
Ақтөбеде қайтыс болған адамдар да баспана кезегінде тұрған
816
оқылды

Ақтөбе облысының прокуратурасы тұрғын үй алу кезегін уақытылы түгендеу бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметіне талдау жүргізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz облыстық прокуратураға сілтеме жасап. 

Ақтөбе облысында 36 мыңнан астам адам кезекте тұр, оның ішінде көпбалалы отбасылар, жетім балалар мен халықтың әлеуметтік осал топтарына жататындар.

– Басқа елді мекенге тұрақты тұруға кеткен, еңбек қатынастары тоқтатылған және тұрғын үйді жекешелендіріп үлгерген 100-ден астам азамат баспанаға мұқтаждардың дерекқорынан шығарылмаған.

Сонымен қатар, мұқтаж азаматтардың тізімінде қайтыс болған 11 азамат кезекте тұрған.

Талдау нәтижесімен коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың кезектегі тізімдерін түгендеу жұмыстары жергілікті атқарушы органдар тарапынан дұрыс жүргізілмегені анықталды, – деп хабарлады прокуратура.

Аталған фактілер бойынша прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, заң бұзушылықтар жойылды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.