Атырау облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері пара алды деген күдікпен тергеу изоляторы бастығын ұстады.
Атырауда тергеу изоляторының бастығы ұсталды – БАҚ
Фото: istockphoto.com
4,819
оқылды

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты УГ-157/1 (тергеу изоляторы) мекемесінің бастығы ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Atyrau Online-ға сілтеме жасап.

Интернет-басылымның мәліметінше, Атырау облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері пара алды деген күдікпен тергеу изоляторы бастығын ұстады.

«Ол 500 мың теңге алғаннан кейін ұсталды, бұл ретте параның жалпы мөлшері 1 миллион теңгені құрайды. Оны ҰҚК қызметкерлері монша кешенінде ұстады. Сондай-ақ оның тұрғылықты жеріне тінту жүргізілді»,  делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.