Бұл туралы «ҚазАтомЭкспо» халықаралық ядролық энергия көрмесінде белгілі болды.
Францияның EDF компаниясы: Қазақстанмен ядролық энергетика саласында серіктес болуға ниеттіміз
www.istockphoto.com
898
оқылды

EDF компаниясы  электр энергиясын тасымалдау, тарату және сақтау саласында әлемдік көшбасшы саналатын француз энергетикалық алпауыты. Қазір олар Қазақстанмен ынтымақтастық орнату мүмкіндігін талқылап жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Компания қазіргі уақытта Қазақстанмен ядролық энергетика және жаңартылатын энергия көздері бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру туралы келіссөз жүргізіп жатыр.

«EDF: Қазақстанмен ядролық энергетика және жаңартылатын энергия көзі саласындағы серіктестікті орнатуға ниетіміз бар»

EDF өкілдері, оның ішінде компанияның Қазақстандағы жобаларына жауапты сарапшылар қазақстандық тараппен ынтымақтастықты дамытуға ерекше назар аударатынын мәлімдеді.

Азиядағы бизнесті дамыту жөніндегі EDF басшысы Пьер-Пол Отениссанс: «Францияда энергияның 75 пайызы ядролық энергетикадан алынады, бірақ соған қарамастан халық арасында бұл салаға қатысты күмәнді көзқарас бар. Ол табиғи құбылыс. Қазақстан халқының арасында да осыған ұқсас сұрақтар туындауы мүмкін. Біздің басты мақсатымыз – ядролық энергетика саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Ядролық энергетика қалдық шығармайды, сондықтан ол Еуропалық одақ тарапынан жасыл энергетика ретінде танылды», – деді.

Қазақстанда ядролық энергетикадан басқа, жаңартылатын энергия көзі де назарда. EDF өкілі Қазақстанның энергетикалық ауысу және көмірқышқыл газының шығарындыларын азайту жөніндегі амбициялық мақсаттарына қолдау білдірді.

«Қазақстан Үкіметі энергия көздерін әртараптандыру және көмірқышқыл газының шығарындыларын азайту бойынша алдымызға нақты мақсат қойып отыр. Бұл тұрғыдан ядролық энергетика тиімді шешім бола алады. Біз бұл бағытта тәжірибеміз бен білімімізді бөлісуге дайынбыз», – дейді Пьер-Пол Отениссанс.

Бұл өте ұзақмерзімді жоба

EDF компаниясы Қазақстанмен ұзақмерзімді жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін және бұл жобалардың іске асырылуы оқытуды, біліктілікті арттыруды және жергілікті мамандарды даярлауды талап ететінін атап өтті.

«Біз жергілікті қазақ мамандармен және қызметкерлермен жұмыс істеп, ядролық энергетика саласындағы қажетті құзыреттер мен дағдыларды дамытуды көздейміз. Бұл өте ұзақмерзімді жоба. Осы жолда Қазақстанға қолдау көрсетуге дайынбыз, – деді Азиядағы бизнесті дамыту жөніндегі EDF басшысы.

EDF компаниясы Қазақстанмен серіктестік тек ядролық энергетикамен шектелмейтінін де мәлімдеді.

«Біз жаңартылатын энергия көздері, соның ішінде күн панельдері мен жел турбиналары, сондай-ақ гидроэлектростансалар саласындағы мүмкіндіктерді қарастырудамыз. Қазақстанның бұл бағытта үлкен әлеуеті бар және біз энергияны тасымалдау және тарату саласында да ынтымақтастықты нығайтуды мақсат етеміз», – деп сөзін түйіндеді Азиядағы бизнесті дамыту жөніндегі EDF басшысы Пьер-Пол Отениссанс.