Фронтальды бөлімдердің өтуімен Қазақстанның көп бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.
Жаңбыр, дауыл, тұман: 28 тамызға ауа райы болжамы жарияланды
Фото: istockphoto.com
880
оқылды

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 28 тамызда болатын  қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, -деп хабарлайды Aikyn.kz.

Фронтальды бөлімдердің өтуімен Қазақстанның көп бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, найзағай, бұршақ, дауылмен жаңбыр жауып, түнде елдің орталығында қатты жаңбыр жауады. Республиканың батысында, оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіліп, елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болып, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында шаңды дауыл болады.

Абай, Ұлытау облыстарында, Батыс Қазақстан облысының батысында, орталығында, Атырау облысының орталығында, оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының орталығында, Қызылорда облысының солтүстік-шығысында, орталығында, Жетісу облысының солтүстік жартысында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау облыстарында, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.