Қыз үшінші сыныпта оқыған.
Көкшетауда 9 жастағы қыз суицид жасады
Фото: istockphoto.com/ru
943
оқылды

Көкшетауда 9 жастағы қыз асылып қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап. 

Nayzakokshe Instagram парақшасының мәліметінше, қызды бөлмеде асылып тұрған жерінен әкесі тапқан. Көпбалалы отбасында болған қайғылы жағдай туралы редакция Полиция департаментінен түсініктеме сұратты.

«Полиция департаменті бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлайды. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етілмейді», – деп хабарлады Ақмола ПД.

Пабликтегі ақпарат бойынша қыз үшінші сыныпта оқыған. Қазан айында ол 10 жасқа толуы керек еді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.