Алматыда спорт күніне орай SAGADAT BATYR спорт клубының бас бапкері - Нұрсұлтан Орынбасаровпен таңғы жаттығу өтті.
«AMANAT»: Жастар бас бапкермен бірге жаттықты
Фото: istockphoto.com/ru
385
оқылды

Таңғы жаттығуға 10-30 жас аралығындағы 50-ден астам адам қатысты. Жастар Алматыдағы Медеу шатқалында  Almaty Leaders жобасы аясында SAGADAT BATYR  спорт клубының негізін қалаушы – Нұрсұлтан Орынбасаровпен бірге жаттықты. 

Іс-шараны Алматы қаласының Жастар саясатының басқармасының қолдауымен «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» Жастар қанаты мен Шымкент қаласындағы «Жастар рухы» қоғамдық қоры ұйымдастырды.

Таңғы жаттығу 40 минут болды. Музыка ырғағымен алдымен бас, иық қимылдары, кейін отырып тұруды і орындады. Нұрсұлтан Орынбасаровтың әр іс-әрекетін сап түзеп тұрған жүздеген жас буын бір адамдай қайталады. Жаттығулар оңай, бірақ денсаулық, тән тонусы үшін аса пайдалы дейді чемпион. Дене қызып, күш артқан сайын жастардың мотивациясы артып, түрлі сұрақтармен  Азия чемпионын қоршады. Іс-шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды хоббиге балама ретінде спортпен белсенді айналысуға шақыру. Таңғы жаттығудың денсаулыққа пайдасы көп. Яғни, жаттығудың мақсаты денені шынықтыру, түрлі аурулардың алдын алу және емдеу, пішінді сақтау, өмірді ұзарту, тыныс алу мен дене белсенділігін және сананы реттеу арқылы потенциалды түрде даму.

Денсаулық – баға жетпейтін асыл дүние екенін айтқан Азия чемпионы Нұрсұлтан барша жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, таңғы жаттығу – салауатты өмір салтын таңдауға ынталандыру ғана емес, сонымен қатар жастар арасында мәдениет пен спортты дамытуда жақсы үлгі болып саналады.

Жоба ұйымдастырушылары таңғы жаттығуға белсенді қатысқан жастарды марапаттап, үздік сұрақ қойып, чемпионды басқа қырынан аша білген қатысушыларды ерекше атап өтті.