«AMANAT» партиясының Жетісу облыстық филиалында «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында «Баланы мектепке даярлайық» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы жалғасып жатыр.
«AMANAT»: «Баланы мектепке даярлайық» акциясы жалғасып жатыр
918
оқылды

Аталмыш акция аз қамтылған және көп балалы отбасылардың оқушы балаларына көмек көрсетуге бағытталған.

Акция шеңберінде атаулы көмекті көрсету үшін балаларды таңдау кезінде партия мүшелері бірінші кезекте партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінің ақпаратын басшылыққа алады.

Жетісу облысының аудан, қалаларында барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары аудан, қалалық АМАNAT партияcының филиалдары, «Жастар рухы» ЖҚ белсенділері «Баланы мектепке даярлайық» акциясын ұйымдастыруда. 

Акция басталған сәттен партия белсенділері әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға киім-кешек, мекетепке қажетті құрал-жабдықтар қамтыды. Акция аясында Жетісу облысы бойынша 1 мыңға жуық бала қамту жоспарда бар.  Бүгінгі күні облыстың жалғызбасты және көпбалалы аналары, жетім, жартылай жетім, ерекше күтімге мұқтаж 712 отбасыныі 1 146 бала қамтылды. 

Жыл сайынғы қайырылымдық акциясы облыстың әр аудан мен қаласында өткізіліп келеді.

Болат АБАҒАН, Жетісу облысы