Байқау шығармашылық және креативті жастарды мұздықтардың еруі мәселесіне өнер арқылы өз көзқарасын білдіруге жігерлендіруге бағытталған.
"Мұз массивтерін қорғау" байқауының жеңімпаздары марапатталды
726
оқылды

27 тамызда сағат Алматы қаласында TURAQTY JOL Ұлттық әлеуметтік эконауқанының V мерейтойлық циклі аясындағы "Мұз массивтерін қорғау" шығармашылық байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтіп, финалистер жұмыстарының көрмесі ашылды.

 Іс-шара мұз массивтерін сақтаудың маңыздылығын атап өтіп, жұртшылықтың назарын осы өзекті экологиялық проблемаға аударды. Байқау шығармашылық және креативті жастарды мұздықтардың еруі мәселесіне өнер арқылы өз көзқарасын білдіруге жігерлендіруге бағытталған.

 «Біздің планетамыздың болашағына бей-жай қарамайтын талантты адамдарды біріктіретін TURAQTY JOL марапаттау рәсімінің ерекше атмосферасын атап өткім келеді. Қазақстандағы ЮНЕСКО клубтарының Федерациясы және жоба серіктестеріне өзімізді көрсетуге және қоршаған ортаны қорғауға үлес қосуға мүмкіндік беретін платформа құрғаны үшін шын жүректен алғыс айтамын. Ұсынылған жұмыстар шабыт көзі және әрекетке шақыру болғанына сенімдімін. Әрқайсымыз өз болашағымыздың суретшісі екенімізді және TURAQTY JOL сияқты жобалар бізге оны жасау үшін қажетті құралдарды беретінін есте ұстаған жөн", – деп бейнелеу өнері номинациясының жеңімпазы Дәулети Әділет атап өтті.

 Рәсім барысында үш номинация бойынша жеңімпаздар марапатталды: «Арктикалық суретші» бейнелеу өнері, «Мұз симфониясы» қолданбалы өнері және «Қозғалыстағы мұз пейзаждары» фотосуреті. Бұдан басқа, байқау финалистерінің мұз айдындарын қорғау және қазіргі заманның экологиялық сын-қатерлері тақырыбындағы креативті тәсілдерін көрсететін жұмыстары ұсынылды.

 «TURAQTY JOL Ұлттық әлеуметтік эконауқаны аясындағы шығармашылық байқаудың ұйымдастырушыларына үлкен алғысымды білдіремін. Іс-шара жоғары деңгейде өтті, ал жоба бізге өз идеямызды кенепте білдіруге және планетаны қорғауға үлес қосуға мүмкіндік берді. Мен осы маңызды бастаманың бір бөлігі болғаныма өте қуаныштымын", – деп «Қоғам таңдауы» номинациясының жеңімпазы Ермахан Әсемай бөлісті.

TURAQTY JOL – бұл мәдени-адамгершілік және экологиялық құндылықтарды бойына сіңіру арқылы өскелең ұрпақты туған жерге ұқыпты қарауға бағыттайтын тәрбиелік бастама.

Бұл бағдарлама – Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Федерациясының бас серіктесі ЦентрКредит Банкі және ресми серіктесі Chevron компаниясы, сондай-ақ “Шымбұлақ” тау курортымен ынтымақтастықта табысты жүзеге асырылған жобаның төрт циклінің жалғасы болып табылады. 

Жобаның іске асырылуы Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО iстерi жөнiндегi Ұлттық комиссиясы, ЮНЕСКО-ның Алматыдағы өңірлік кеңсесі және Tournaman платформасының қолдауымен өткізіледі.

Жобаның ақпараттық серіктестері: Alash Media Group және NurMedia холдингтері.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.