Белгілі журналист Гүлбану Әниятқызы Әнарудың әкесі Қалдыбек Құрманәлімен сөйлесіп, оқиғаның мән-жайын сұраған.
Қалдыбек Құрманәлі «зорланған» қызының оқиғасына қатысты шындықты айтты
Фото: inbusiness.kz
4,834
оқылды

Белгілі журналист Гүлбану Әниятқызы Әнарудың әкесі Қалдыбек Құрманәлімен сөйлесіп, оқиғаның мән-жайын сұраған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Айтуынша, қазіргі таңда Қалдыбек Құрманәлі қызына қолдау көрсету үшін Алматыға келген.

«Спортшы Жанқош зорлады деп арызданған Әнару Құрманәлінің әкесімен сөйлестім. Қалдыбек Құрманәлі белгілі сазгер, Шәмші әндерін насихаттап жүретінін білесіздер.

Қалдыбек ағаның 2016 жылы өмірден өткен Ақмаржан Таубаева есімді әйелінен Әнару қызы мен Әнасыл есімді ұлы бар екен. Балаларымен араласып, көмектесіп тұратынын айтты.

Қалдыбек Құрманәлі жүрегіне ота жасатып, денсаулығына байланысты Түркістан облысына көшіп кеткен. «Қазір қызыма көмектесу үшін Алматыға келдім» дейді. «Қызым жылап келгенде бұл сорақылықты қоғам білуі керек деп, журналистермен сұхбат ұйымдастырған да өзім» деп отыр.

Қалдыбек Құрманәлі Жанқош жақтан кешірім сұрағанын, бірақ ешқандай кешірім бере алмайтынын айтты. «Қызымды қорғауға жанымды, барымды саламын» деп отыр. Әнару 28 жастағы үлкен қыз, тұлға. Жанқошпен кездескені, оған неге сенгені жайлы ештеңе айта алмаймын» деді. 

Қоғамның буллингінен соң Әнару бірнеше рет өзіне қол жұмсамақ болыпты. Қазір депрессияда жүр дейді. Қалдыбек Құрманәлі бұл мәселеде аяғына дейін қызының қасында болатынын айтты", – деп жазды ол Іnstagram-да.

Еске салайық, 21 тамызда Жанқош Тұраров "қыз зорлады" деген ақпарат тарады. Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі қылмыстық іс қозғалып, сараптама тағайындалғанын хабарлады.

Кейінірек боксшының өзі тараған ақпаратқа қатысты жауап берді.

"Үш қыз өсіріп отырған әкемін. Төсектес қыз керек болса, маған зорламай-ақ келетін жағдайым бар. Қайдан шыққан жала екенін өзім де түсінбей отырмын, қазір мәселенің мән-жайын анықтап, кім қандай жала жауып отырғанын анықтаймын", – деп жазды Instagram парақшасында ол.

Бірнеше күн бұрын "Боксшы Жанқош Тұраров зорлады" деп айып таққан қыз тілшілерге сұхбат берді. Оның сөзінше, спортшы бірнеше жыл бойы "әйелім етіп аламын" деп алдап келген. "Ал соңғы кездесу зорлықпен аяқталды" дейді. Жәбірленуші денесіндегі көгерген жарақаттарына дейін көрсетті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.