СҚО-ның Жұмысшы ауылында 2023 жылдың желтоқсанында бүтін бір отбасы мүшелері – ерлі-зайыпты мен олардың 17 жастағы ұлын бауыздап өлтірген күдіктілер ұсталды.
Отбасы мүшелерін түгел бауыздаған: СҚО-дағы қанды оқиғаның мән-жайы белгілі болды
Фото: istockphoto.com
1,853
оқылды

СҚО-ның Жұмысшы ауылында 2023 жылдың желтоқсанында бүтін бір отбасы мүшелері – ерлі-зайыпты мен олардың 17 жастағы ұлын бауыздап өлтірген күдіктілер ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Social Media-ға сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында отбасын қатыгездікпен өлтіру ісі бойынша тергеу жалғасуда.

Бұл отбасының іскерлік жерлеу агенттігі болған. Белгісіз адамдар марқұм П.-ның үйіне басып кіріп, оны бауыздаған. Ерлі-зайыптылар мен олардың ұлы байланысқа шықпаған соң, туыстары алаңдап, олардың үйіне келеді. Сөйтіп, жантүршігерлік қылмыс жайлы полицияға хабарлайды. Отбасының жалғыз мүшесі – қызы ғана тірі қалған, өйткені, қылмыс болған уақытта ол Ресейге туыстарының үйіне кеткен.

Полиция күдіктілерді бірден қолға түсірді. Олар – жеке кәсіпкер ретінде жерлеу қызметтерін көрсететін 37 жастағы Е. және оның қызметкері – 25 жастағы О., үшінші күдікті – алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған екі немесе одан да көп адамды өлтіруге түрткі болды деп айыпталған 42 жастағы С. (Жерлеу қызметін көрсететін Петропавл ЖШС-де директордың орынбасары).

Олар жерлеу бизнесіндегі бәсекелестікте озу үшін саналы түрде бұл қылмысқа барған.

Белгілі болғаны, бауыздалған ерлі-зайыптылардың иелігіндегі ұйым конкурстық тендерлердің басым бөлігінде жеңген. Яғни, мәйіттерді Петропавлдың медициналық мекемелерінен, сондай-ақ құқық қорғау органдарының өтінімдері бойынша тасымалдауға байланысты қызмет көрсетуге арналған конкурста таңдалған.

Ал, күдікті С. жұмыс істеген ЖШС-те кіріс азайған. Сотталушылар С. мен Е. арасын романтикалық қатынас байланыстырған. Олар бірге тұрған.

2023 жылдың 27 желтоқсанында Е. және О. марқұм П.-ның үйіне келіп, алдымен 17 жастағы ұлын өлтірген. Тендерде жеңген құжаттарып жойып, олар үй иелерін күткен. Үйден 2 млн теңгені ұрлаған. Кешкі сағат алтылар шамасында үйге кіріп келген П.-ны, артынан оның әйелін ауыр металл затпен ұрып өлтірген.

Ас үй пышағымен олар ерлі-зайыпты мен олардың ұлын мойын аймағынан бауыздаған.

Психологтардың пікірінше, үш күдікті – Е., О. және С. да ақыл-есі дұрыс. Яғни, бұл қылмысты жоспарлап жасаған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.