2014 жылы туған бала абайсызда ашық тұрған құдыққа құлап кетті.
Қарағандыда 10 жастағы бала құдыққа құлап кетті
Фото: ТЖМ
513
оқылды

Қарағандыда құдыққа құлап кеткен 10 жастағы балаға құтқарушылар көмекке келді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Қарағандыда 10 жастағы балаға көмек көрсетілген.

«Бүгін Қарағанды қаласындағы Ә.Бөкейханов ауданында, Қ.Цеткин көшесінде 2014 жылы туған бала абайсызда ашық тұрған құдыққа құлап кетті. Құтқарушылар баспалдақ арқылы өздігінен шыға алмай қалған жасөспірімді құдықтан алып шықты", - делінген хабарламада. 

Балаға медициналық көмек қажет болмады. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.