Күдікті тергеу изоляторына қамалды.
Есірткі контрабандасы үшін айыпталған қазақстандық елге экстрадицияланды
575
оқылды

ҚР Бас прокуратурасы аса ірі мөлшерде есірткі контрабандасы үшін айыпталған қазақстандықты  қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Ресейден эстрадициялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бас прокуратураның мәліметінше, былтыр маусым айында ол адамдар тобымен алдын ала сөз байласып, бірнеше мемлекеттің аумағы арқылы салмағы 60 келіге жуық героин мен салмағы 10 келіден асатын гашиш контрабандасын ұйымдастырған.

Сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды.

– Өткен жылдың тамыз айында ол Мәскеуде ұсталды, содан кейін Қазақстан Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды, – делінген ресми ақпаратта.

Айыпталып отырған қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру не өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.