ТЖД қызметкерлері 15 адамды эвакуациялады.
Ақтауда ірі тұрғын үй кешені өртенді
1,422
оқылды

29 тамыз күні сағат 06:02 шамасында Ақтаудағы 10 қабатты OTYRAR CITY тұрғын үй кешенінде өрт шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Тілсіз жауды Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті сөндірді.

– Үйдің 1-ден 10-қабатқа дейін 2 100 шаршы метрі жанған. Өрттің пәтерлерді шарпуына тосқауыл қойылды. Сағат 06:18 шамасында толықтай өрт сөндірілді. Өрт сөндіру қызметі келгенге дейін 60 тұрғын (оның ішінде 15 бала) ғимараттан өз бетінше шығып кеткен. ТЖД қызметкерлері 15 адамды эвакуациялады, оның ішінде сегізі бала. Зардап шеккендер жоқ, – делінген облыстық ТЖД хабарламасында.

Қазір өрттің себебі анықталып жатыр. Ал өртке оранған OTYRAR CITY тұрғын үй кешенін «K7 group» құрылыс компаниясы қалпына келтіреді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.