31 тамыз күні Астанада бірнеше көше жабылады

Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

31 тамыз күні елордада  Saryarqa Run  спорттық марафонының өтуіне байланысты бірнеше көше жабылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Астана әкімдігіне сілтеме жасап. 

Сонымен, 31 тамыз күні сағат 8:00-ден 10:00-ге дейін төменде көрсетілген көшелер жабылады:

  • Бейбітшілік көшесі Кенесары көшесінен Бөгенбай батыр даңғылына дейін;
  • Ә. Жангелдин көшесі Бейбітшілік көшесінен Жеңіс даңғылына дейін;
  • Жеңіс даңғылы Бөгенбай батыр даңғылынан С. Сейфуллин көшесіне дейін;
  • С. Сейфуллин көшесі Бейбітшілік көшесінен Қ. Күмісбеков көшесіне дейін;
  • Қ. Күмісбеков көшесі А. Жангелдин көшесінен Кенесары көшесіне дейін;
  • Кенесары көшесі Қ.Күмісбеков көшесінен М. Әуезов көшесіне дейін.

Қатысушыларға ыңғайлы болу үшін Бейбітшілік көшесі, 9 ғимаратының жанында автотұрақ ұйымдастырылып, Т.Бигелдинов көшесі жағынан келу жүзеге асырылатынын атап өткен жөн.