«AMANAT» партиясының бастамасымен жүргізіліп жатқан «Қарызсыз қоғам» жобасының қатысушыларына «AMANAT» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысының орынбасары Аманбай Нуркенов сертификаттар табыстады.
«Қарызсыз қоғам» жобасына қатысқандарға сертификат берілді
863
оқылды

«Бұл жоба қарапайым азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыруға және олардың негізсіз несиеге ұрынбай өз табысын ұқыпты жұмсауға үйретеді десек болады. Азаматтардың қаржыны жарату кезінде кейбір мәселелерді ескермеуінің салдары банктерден бірнеше несие  алуға әкеледі. Сондықтан да біздің партиямыздың бастамасымен қолға алынған шараның қоғамға қажетті екенін Мемлекет басшысы да атап өтіп, жаппай оқыту қажеттігін айтқан болатын. Біз бүгінде облысымыздың барлық аудан, қалаларында жүргізудеміз», – дейді «AMANAT» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысының орынбасары Аманбай Нүркенов.

 

Бүгінге дейін облыс бойынша 4 923  адамға «Қарызсыз қоғам» жобасы бойынша курсты аяқтағаны туралы сертификат табысталды. Жалпы, жыл соңына дейін 6 500 азаматты қаржылық сауаттылыққа оқыту жоспарланған.

«Қарызсыз қоғам» жобасына   қатысқаныма қуаныштымын. Себебі осы күнге дейін қаржыны дұрыс жұмсауды білмейді екенмін. Курсқа қатыса отырып, қолда бар ақшаны қалай дұрыс жұмсау керек екенін үйрендім. Басқа да өзіме қажетті ақпараттарды алдым. Біз қарапайым адамдар қаржыға қатысты кейбір дүниелерді мүлде білмейміз. Сондықтан осындай ақпараттық курстың ұйымдастырылғаны дұрыс болды», – дейді курсқа қатысушы Бибіхан Сабитова.