«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының хабарлауынша, жаңа сервис іске қосылды. Белгіленген уақытта маман көрсетілген мекенжай бойынша келіп, мемлекеттік қызметті көрсете алады.
Енді ХҚКО қызметкерін үйге шақыруға болады
937
оқылды

Енді қазақстандықтарға мемлекеттік қызметті алу үшін ХҚКО-ға жүгінудің қажеті жоқ. Азаматтар халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерін үйге шақыра алады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының хабарлауынша, жаңа сервис іске қосылды. Белгіленген уақытта маман көрсетілген мекенжай бойынша келіп, мемлекеттік қызметті көрсете алады.

ХҚКО-дан тыс жерде менеджерлер төлқұжат, жеке куәлік, жүргізуші куәлігін алу және көлік құралдарын тіркеу сияқты мемлекеттік қызмет түрінің кез келгенін көрсете алады.

Айта кетейік, пилоттық жоба Қазақстанның барлық өңірлерінде іске қосылды. Сервисті пайдалану үшін Мемлекеттік корпорацияның ресми сайтында «жеке менеджерді үйге шақыру» батырмасын басып, қажетті мәліметтерді толтыру қажет.

Сондай-ақ өтінімдерді 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы да беруге болады.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының 30-31 тамызда қалай жұмыс істейтіні белгілі болды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.