«Ақсукент» бастауыш партия ұйымында 2022 жылдың 30 наурызында бастауыш ұйымның қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылды.
«AMANAT»: «Ақсукент» бастауыш партия ұйымы тұрғындардың мәселесіне назар аударды
795
оқылды

Е.Сарманов атындағы Гуманитарлық агроэкономикалық колледжінің тәрбие ісі жөніндегі директорының орынбасары Берік  Тұрарұлы  төрағалық ететін Сайрам ауданы «Ақсукент» бастауыш партия ұйымының құрамында 2520 партия мүшесі, 27 партиялық топ бар. Оның ішінде: әйелдер – 65,8%, ерлер -34,1%, 35 жасқа дейінгі жастар – 24,8% және 7 мәслихат депутаты бар. Ұлты бойынша 56,6% қазақтар, 1,8% орыстар, 0,3% татарлар, басқа ұлт өкілдері - 41,3%.

Өткен жылы партиялық жарна 101%-ға (7,97  млн тг), орындалып, партия қатарына 17 адам қабылданып, 2 адам шығарылды. Ал 2024 жылдың I жартыжылдығында партиялық жарна      124,3%-ға (5,05 млн тг), орындалды.

«Ақсукент» бастауыш партия ұйымында 2022 жылдың 30 наурызында бастауыш ұйымның қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылды. Қабылдау бөлмесі ашылғаннан бері облыстық және аудандық мәслихат депутаттары қоғамдық қабылдау бөлмесінде тұрғындарды қабылдап жатыр. БПҰ және аудандық филиалының бастамасымен облыстық және аудандық мәслихат депутаттарының азаматтарды қабылдауы 18 рет ұйымдастырылған. Барлығы 37 адам қабылданды. Кездесуде тұрғын үймен қамтамасыз ету, әлеуметтік көмек, мүгедектер мен көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету,  жылу, жарық, сумен қамту мәселелері көтерілді. Сонымен қатар облыстық және аудандық депутаттардың жеке қоғамдық қабылдауларына қатысып, халықтың арыз, шағым, өтініші тыңдалды.

Партиялық жобалармен жасалған жұмыстар жайлы айта кетсек, жалпы 2023 жылы 20% трансферт есебінен 1 594 332 теңге және 2024 І жартыжылдығында 1 005 202 теңге беріліп, толықтай игерілді. Оның ішінде «Кедергісіз келешекә және «Бақытты отбасы»  партиялық жобалары аясында, аудан көлемінде бірқатар көшпелі іс-шара  өткізілді. «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы негізінд қарт¬тарымызға қашанда лайықты құрмет көрсетіп, сый-сыяпат жасалды. 

 «Бақытты отбасы» жобасы аясында «Балаларды мектепке даярлайық» акциясы өткізіліп,  жүзден астам балаға мектеп құралдары мен спорттық киімдер алынды. «АМАNАТ» партиясы «Ақсукент» бастауыш партия ұйымы        1 - Наурыз алғыс айту күніне орай, аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға азық-түлік қоржындары таратылды. Сонымен қатар «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында,  партия мүшелері оқу курсынан өтті. Аталған жоба 2024 жылы 2 қыркүйегінде Сайрам ауданында бастау алады. «Кедергісіз келешек» жобасы бойынша «Бірыңғай тақырыптық Республикалық» ашық есік күні өткізілді. 

Сайрам көп ұлты аудан болғандықтан, «Ақсукент» бастауыш ұйымының ұйымдастырумен өзге ұлт өкілдерінің жастары мен бірге ардагерлер кеңесінің мүшелерінің қатысуымен  шахматтық ойындары өткізіліп тұрады.

 «AMANAT» партиясы «Ақсукент» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен «Халық бірлігі  - басты қазына!» атты іс шарасы өткізілді. 

 1 мамыр «Қазақстан халқының бірлігі күніне» арнап «Ақсукент» бастауыш партия ұйымының өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен арнайы іс-шара өткізді. Сонымен қатар жыл басында бастау алған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында тазалық жұмыстары бойынша көптеген жұмыс атқарылды. «AMANAT» партиясының «Таза бейсенбі» экологиялық акциясыда апта сайын өз жалғасын тауып, халықты тазалыққа шақырып отыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.