26-28 тамыз аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
«Құқықтық тәртіп»: 28 қылмыс анықталып, іздеуде жүрген 5 қылмыскер ұсталды
1,050
оқылды

Көлік полицейлері «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасының 3 күнінде мыңнан астам құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында 28 қылмыс тіркеп, іздеуде жүрген 5 қылмыскерді ұстады. Сондай-ақ 1403 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде жалпы пайдалану орындарын ластағаны үшін 183, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішкені үшін 101, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін 76, ұсақ бұзақылық үшін 10, шетелдіктің көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 63 және т.б. Бұл туралы департамент бастығы Бақытжан Малыбаев айтты.

Оның сөзінше, Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Қазақстан Көші-қон заңнамасын бұзған Тәжікстан Республикасының үш азаматы мен Өзбекстанның бір азаматын анықтап, ұстады. Олар заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін он тәуліктен асатын кезең ішінде елден кетуден жалтарған.

Б.Малыбаев құқық бұзушыларға қатысты шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ тұлғалардың Қазақстан көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырғанын айтты.

«Сот шешімімен шетелдіктер 5 жыл мерзімге ҚР аумағына кіруге тыйым салу белгіленіп, Қазақстан Республикасы аумағынан тысқары шығарып жіберу түріндегі жаза қолданылды», - деді полиция полковнигі.

Естеріңізге сала кетейік, Көліктегі ПД-нің қызмет көрсету аумағында тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстардың алдын алу, жолын кесу мақсатында ағымдағы жылдың 26-28 тамыз аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.