30 тамыз – Конституция күні.
Президенттің конституциялық реформалары қоғамды саяси тұрғыдан жаңғыртуға тың серпін берді – Олжас Бектенов
530
оқылды

ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов азаматтарды Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

– Құрметті отандастар! 

Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың конституциялық реформалары заң үстемдігінің салтанат құрып, қоғамды саяси тұрғыдан одан әрі жаңғыртуға тың серпін берді. 

Әлеуметтік әділдік, рухани келісім, құқықтық теңдік сияқты құндылықтарды дәріптеп, тәуелсіздіктің берік тұғырына айналған Ата заңымыз береке-бірлігімізді бекемдеп, экономикамызды нығайтуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға табысты қызмет етіп келеді.

Еліміздің бас құжаты конституциялық құрылыстың негізгі тірегі ретінде орнықты дамуға, егемендігіміздің еңсесін биіктетуге үлес қоса бермек. 

Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, еңбектеріңізге толайым табыс тілеймін! – деді Үкімет басшысы.