"Қазақфильм" басшысы қызметінен кеткен Азамат Сатыбалды желіде жазба жариялап, жұртты ойландырып қойды.
«Күндердің күні туғанда...»: Қызметінен кеткен Азамат Сатыбалды жазба жариялады
Фото: Brod.kz
3,538
оқылды

"Қазақфильм" басшысы қызметінен кеткен Азамат Сатыбалды желіде жазба жариялап, жұртты ойландырып қойды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Жаңадан туған қасқыр,балаларына азық іздеуге шыққанда, аңшы бөлтіріктерінің тірсегін кесіп кетеді. Тірсегі кесілген бөлтірік дімкес болады, жатып ішер. Аузын ашып тамақ сұрай береді, одан басқаға шамасы жоқ. Анасы тамақ тасумен әуре.

"Содан, қозғалмай жатып ішіп-жеп тойып алған қасқыр семіретіні анық. Күндердің күні туғанда.
Аңшы асықпай келіп, терісін бұзбай, олжасын алып кетеді екен. Солай”, – деп жазды ол.

«Бұл қазіргі жалқау жатып ішерлерге сабақ болар әңгіме, мәні тереңде жатыр», «Осы аңызбен көп нәрсені айтты-ау, Азамат атына сай деп білем», «Мықты тәмсіл расында да», «Не деген жұмбақ? Қалай жоруға болады» деп пікір қалдырды желі қолданушылары.

Айта кетейік, Азамат Сатыбалдының «Қазақфильм» төрағасы қызметінен кеткені туралы ақпарат 31 шілдеде белгілі болды.

Азамат Сатыбалды бұл қызметті бір жыл атқарды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.