«Ерке Есмаханнан не сатып алар едіңіз?» – әнші оқырманға сұрақ қойды

Әлеуметтік желіде оқырманы көп әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі оқырмандарына сұрақ қойды.

Танымал әнші Ерке Есмахан жақында саудамен айналысатынын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

"Қазір адамдарда қырғын жанталас, тартыс, бәсеке, бірдеңе сату, алу, хайп, вайб, кайф, кез келген нәрсені іліп кетіп жатыр ғой танымал болу үшін. Ал менің ләйліііп жүрісім мынау. Сәпсім жұмыс жасамаймын. Бос жүрмей, бірдеңе істейін. Ерке Есмаханнан не сатып алар едіңіз? Жазыңыз ал", – деп оқырманға сұрақ қойды Е. Есмахан.

Сонымен қатар әнші жақсы идея жазған үш оқырманына бес мың теңге ақшалай сыйлық жасайтынын жазды.