Өнер иесі көрермендердің ортасында ән салып тұрған видеосын жеке парақшасына жариялады.
«Не деген ұқсастық?!»: әнші Ұланғасыр Қами Мейрамбек Бесбаевтың «сыңарын» көрсетті
Фото: видеодан кадр
2,405
оқылды

Әнші Ұланғасыр Қами Мейрамбек Бесбаевқа ұқсайтын тыңдарманын көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Өнер иесі көрермендердің ортасында ән салып тұрған видеосын жеке парақшасына жариялады. Ол жанындағы ер адамды Мейрамбек Бесбаевқа ұқсатқан.

"Мейрамбек Бесбаев ағамызға қатты ұқсайды екен", – деп жазды Ұланғасыр Қами.

Видеодағы ер адамның аты-жөні Ерлан Нұртазаев болып шықты. Ол Ұланғасыр Қамидің жазбасына пікір қалдырған.

"Ассалаумағалейкум. Мен Мейрамбек Бесбаев емеспін, Ерлан Нұртазаевпын", – деді ол.  

Желі қолданушылары түрлі пікір жазып, расында ұқсайтынын атап өткен. 

“Қатты ұқсайды екен”, “Мейрамбекті көргендей болдық”, “Қартайып кеткен Мейрамбек”, "Не деген ұқсастық?!", "Хит болады енді бұл кісі", "Аумайды екен" деп жазды оқырмандар. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Ұланғасыр Қамиев (@ulangasyrqamiev)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.