UFC 307 турнирі 5 қазанда Солт-Лейк-Ситиде (Юта, АҚШ) өтеді.
Шавкат Рахмонов UFC чемпионына қарсы жекпе-жекке келісімін берді
Спорт-Экспресс
2,982
оқылды

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (18-0) америкалық Белал Мухаммадқа (24-3) қарсы өтуі мүмкін жекпе-жек туралы пікір білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Маған Белалмен жекпе-жек ұсынылды, мен оны қабылдадым, бірақ өкінішке қарай, ол бұл күні титулды қорғауға дайын емес екенін айтты. Мен онымен күресуге дайынмын. Әрі қарай не болатынын көреміз, ол дайындалсын. Белал әлі чемпион болмаған кезде белсенділік танытып, титулын басқаларға қарағанда жиі қорғаймын деп уәде берген. Әзірге ол сөзінде тұрған жоқ. Ол менімен жекпе-жекке келіскенде не болатынын көрейік", – деп жазды Prosports.kz сайты Шавкаттың MMA Fighting арнасына берген сұхбатында.

UFC 307 турнирі 5 қазанда Солт-Лейк-Ситиде (Юта, АҚШ) өтеді. Турнирдің басты жекпе-жегінде жартылай ауыр салмақтағы чемпион бразилиялық Алекс Перейра (11-2) америкалық Халил Раунтримен (14-5) кездеседі.

Еске салайық, Рахмонов кейінгі жекпе-жегін былтыр желтоқсанда өткізіп, екінші раундта америкалық Стивен Томпсонды (17-7-1) жеңген болатын. Қазақстандық спортшы жартылай орта салмақтағы UFC рейтингінде үшінші орында тұр.

Мухаммад 27 шілдеде өткізген кейінгі жекпе-жегінде Леон Эдвардсты (22-4) төрешілер шешімімен жеңіп, ұлыбританиялық файтерден жартылай орта салмақтағы белбеуді тартып алған еді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.