Қайғылы оқиға Ақтау қаласының №33 шағынауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде болды.
Ақтауда әйел көпқабатты үйден құлап, көз жұмды
1,290
оқылды

Әйел оқиға орнында көз жұмды,  деп жазады Aikyn.kz.

Полиция өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Желіде оқиғаның видеосы тарады. Кадрлардан полиция қызметкерлерінің оқиға орнын арнайы лентамен қоршауға алғанын көруге болады. 

Полицияның мәліметінше, оқиға 29 тамыздан 30 тамызға қараған түні болған.

"Аталған факті бойынша “өзін-өзі өлтіруге итермелеу” бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды",  делінген полиция хабарламасында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.