Google қызметкерлеріне үйде жұмыс істеуге рұқсат берді
Google қызметкерлеріне үйде жұмыс істеуге рұқсат берді
© inbusiness.kz
367
оқылды
Google компаниясы Солтүстік Америкадағы қызметкерлеріне офиске келмей-ақ жұмыс істеуге рұқсат берді. Америкалық алпауыт корпорация коронавирус эпидемиясына байланысты осындай шешім қабылдап, індетті жұқтырмаудың алдын алып жатыр, - деп жазады inbusiness.kz. «Солтүстік Америкадағы офистердің барлығына да қазір үйден шықпай жұмыс істеуге кеңес берілді. Біздің мақсатымыз – офисте жұмыс істейтін адамдардың ауруға шалдығуын болдырмау. Сарапшылардың ойынша, мұндай сақтық шарасы індетті ауыздықтауға айтарлықтай көмегін тигізбек», – дейді компания өкілі. Ресми дерекке сүйенсек, компанияның Солтүстік Америкадағы офистерінде кемінде 100 мыңнан астам жұмыс істейді екен. Бұған дейін Twitter компаниясы да жұмысшыларына дәл осындай кеңес берген болатын. Еске сала кетсек, 2019 жылдың 31 желтоқсанында Қытай билігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Ухань (Хубей провинциясы ) қаласында белгісіз пневмония эпидемиясының өршіп бара жатқан хабарлап, дабыл қаққан еді. Көп ұзамай мамандар аурудың қоздырғышы жаңа коронавирус екенін анықтап, оған Covid-19 деген атау берді. Ал қаңтар айының соңына қарай ДДҰ эпидемияны халықаралық деңгейдегі төтенше жағдай деп таныды.