Алматы облысында өгей қызын зорлады деп айыпталған ер адам бостандыққа шықты

Алматы облыстық Полиция департаменті шешіммен келіспей, ер адам 1 жыл бойы абақтыда отырған.

Алматы облысында өгей қызын зорлады деп айыпталған азамат ақталып шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz Астана арнасына сілтеме жасап. 

Істі прокуратура "қылмыстық құрам жоқ" деген себеппен тоқтатқан. Айта кетейік, қылмыстық істің анық-қанығына жету үшін 90 беттен тұратын сараптама тағайындалған еді. Нәтижесінде, күдіктінің жазықсыз екені дәлелденді. Бірақ Алматы облыстық Полиция департаменті шешіммен келіспей, ер адам 1 жыл бойы абақтыда отырды. Қазір ер адам ақталып, бостандыққа шықты. 

“12 ай бойы қылмыстық істі әуре-сарсаңға салып, дұрыс тергемей жүрген тергеушілердің ісіне Іле ауданының прокуроры Дидар Әскербеков және де Алматы облысының прокуроры Берік Адамов өздері жеке араласып, қылмыстық істі егжей-тегжейлі зерттеп, бірінші сарапшының үстіне қылмыстық істің қозғалғаны және оның қорытындысы жалған боп шыққанына көздері жетіп, қылмыстық істі тоқтатып, адамның конституциялық құқығының қалпына келуіне көмек көрсетті”, – деді заңгер Ғабит Өмірбеков. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.