Видеода Айгүл Иманбаева көшеде өтіп бара жатқан жігітті тоқтатып, одан «Елімізде қазір жемқорлық көп па, аз ба?» деп сұрайды.
«Ақша не істетпейді?!»: Айгүл Иманбаеваның видеосы қызу талқыға түсті
Фото: instagram.com/ aigul_imanbayeva
20,605
оқылды

Актриса Айгүл Иманбаева әлеуметтік желідегі парақшасында жемқорлық мәселесіне қатысты видео жариялады, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.   

Видеода Айгүл Иманбаева көшеде өтіп бара жатқан жігітті тоқтатып, одан «Елімізде қазір жемқорлық көп па, аз ба?» деп сұрайды. Ал жас жігіт жемқорлық көбейгенін айтқан.

Одан кейін Айгүл Иманбаева камераны өшіруді өтініп, жігітке керісінше «жемқорлық азайғанын» айтуды сұрап, ақша береді. Ал жас жігіт еш ойланбастан келісіп, жоғарыдағы сұраққа басқаша жауап беріп, «қазір жемқорлық едәуір азайды» дейді.

"Біздің елде қазір жемқорлық едәуір азайды. Өйткені Антикор жұмыс істеп жатыр. Жемқорлық – жақсы нәрсе емес. Дегенмен әр адам өзінен бастау керек. Әлемді өзгерткісі келген адам әуелі өзін өзгертуі керек", – деді жігіт.

Ал актриса видеоның астында "Елімізде жемқорлық жойылуы үшін алдымен өзімізден бастайық" деп жазды.

Видео әлеуметтік желі қолданушыларының қызу талқысына түсті.

«Нені дәлелдедің бұл видеомен?», «Қу ақша не істетпейді», «Жемқорлық көп көп дейміз. Бірақ өзіміз соны істейміз. Бірақ оны мойындағысы келмейді ғой. Жоғарыдағылардың жегенін айта бергенше өзімізден бастайық», «Масқара, аөша беріп сөйлетіп жатыр» деп жазды желі қолданушылары.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от 𝐀𝐈𝐆𝐔𝐋 𝐈𝐌𝐀𝐍𝐁𝐀𝐘𝐄𝐕𝐀 (@aigul_imanbayeva)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram    арнасынан таба аласыз.