Бала ата-анасының қарауынсыз қалған.
Қарағанды облысында үш жасар бала бесінші қабаттан құлап, мерт болды
GOV.KZ
413
оқылды

Балқашта бесінші қабаттан құлаған үш жасар бала көз жұмды, – деп жазады Aikyn.kz.

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға 31 тамызда болған. Бала ата-анасының қарауынсыз қалды.

"Бала алған жарақаттарынан қайтыс болды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", – деп хабарлады ведомстводан.

Еске салайық, бұған дейін Ақтауда әйел көпқабатты үйден құлап, көз жұмғанын жаздық. Қайғылы оқиға Ақтау қаласының №33 шағын ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде болды. Әйел оқиға орнында көз жұмды. Полиция өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.