"Қазгидромет" РМК мәліметінше, қыркүйек айында еліміздің басым бөлігінде салқын әрі жаңбырлы болады. Айдың басында ғана Қазақстанның батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Синоптиктер елімізде қыркүйек айында ауа райы қандай болатынын болжады
Егемен Қазақстан
10,264
оқылды

Синоптиктер 2024 жылдың қыркүйек айына арналған консультативтік ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Қыркүйек айында еліміздің солтүстік бөлігінде жиі жауын-шашын болады деп күтіледі. Арасында 1-3 күн күн ашық болады. Кейбір күндері республикамыз бойынша найзағай ойнап, бұршақ түсіп, екпінді жел тұрып, жаңбыр жауады деп болжанады. Еліміздің солтүстігінде тұман жиі тіркеледі деп күтіледі", – деп жазды "Қазгидромет" РМК.

Қыркүйектің бірінші онкүндігінде мына өңірлерде ауа райы мынадай болады деп болжанады: 

елдің батысында түнде: +8...+15°С, күндіз: +23...+30°С;

республикамыздың оңтүстік-батысында түнде: +17...+25°С, күндіз: +28...+35°С, тек жекелеген күндері – сынап бағаны шамалы төмендейді;

Ақтөбе облысында ауа температурасы түнде: +3...+10°С-тан +10...+15°С, күндіз: +17...+25 °С-тан +22...+27°С аралығында ауытқиды;

Қостанай облысында түнде: +2...+7°С, топырақ беті қатады, +8...+13°С, күндіз: +10...+18°С, +17...+25°С;

Қазақстанның солтүстік және орталық өңірлерінде түнде: +2...+10°С, күндіз: +8+15°С, онкүндіктің соңына қарай сынап бағаны ақырындап шамалы көтеріледі деп күтіледі;

республикамыздың шығысында ауа температурасы түнде: +8...+16°С-тан +2+7°С аралығында ауытқиды деп күтіледі, онкүндіктің екінші жартысында күн күрт суытуы мүмкін, күндіз: +12+23°С-тан +17+25°С аралығында ауытқиды;

еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы күндіз: +22...+30°С-тан +17+23°С-қа дейін төмендейді деп болжанады.

Қыркүйектің екінші және үшінші онкүндіктерінде:

республикамыздың солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде сынап бағаны +3...+8°С көрсетеді, жекелеген аудандарда күн күрт суытуы мүмкін, күндіз ауа температурасы +12...+19°С-тан +21...+26°С-қа дейін қызады;

еліміздің батысында және оңтүстік аймақтарында ауа температурасы түнде: +7...+15°С, айдың екінші жартысында топырақ беті қатуы мүмкін, күндіз ауа температурасы +25...+35°С-тан +15...+23°С-қа дейін аралығында ауытқиды деп күтіледі.

Қыркүйектің үшінші онкүндігінде солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.