Арнайы комиссия қайғылы жағдайдың мән-жайын анықтауда.
Қаза тапқан кеншілердің отбасына барлық көмек көрсетіледі – ШҚО әкімі
951
оқылды

ШҚО әкімі Ермек Көшербаев қаза тапқан кеншілердің отбасына барлық қажетті көмек көрсетілетінін мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ШҚО әкімі Ертіс шахтасында қаза тапқан жұмысшылардың отбасына барып, көңіл айтты. Жұмысшылардың екеуі – «Шығыстүстімет» ЖШС қызметкері, екеуі – мердігер ұйымдардың қызметкері, тағы бір жұмысшы зардап шегіп, ауруханаға жатқызылды.

Өңір басшысы Ермек Көшербаевтың айтуынша, қаза тапқандардың отбасына барлық қажетті көмек көрсетіледі, бұл үшін ШҚО-да жедел штаб құрылған.

Қазір арнайы комиссия қайғылы жағдайдың мән-жайын анықтауда.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.